Балабақша кезегін күткен «Тұлпар» және «Самал 3» шағынауданы балғындарының армандары жаңа жылда орындалатын болды. Құрылыс жұмыстары осыдан екі жыл бұрын басталған 320 орынды екі бірдей мектепке дейінгі мекеменің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.
Құрылыстың құны — 520 миллион теңге, республикалық бюджеттен қаржыландырылған. Бүгінгі таңда мердігерлер абаттандыру жұмыстарынатқарып, қажетті қондырғыларды орнатып, нысанды тапсыруға даярлап жатыр.
Екі балабақшаның құрылысын аяқтауға жүзден астам жұмысшы жұмылдырылған, олар екі ауысымда жұмыс жасап жатыр. Бұл — жыл басында құрылыс бөлімі жоспарлаған нысандардың соңғысы.