«Арай – 2015» фестивалінің ақтық сыны өтіп жатыр

244

Бүгін облыстық «Арай – 2015» жастар фестивалі басталды. Осымен жиырмасыншы рет шымылдығын түрген өнер додасына 16-25 жас аралығындағы өнерпаздар қатысуда.

017

Байқауда талантын сынға салуға 32 жас әнші мен 15 жүргізуші қатысуға ниет білдірген. Олар бүгін ақтық сында бағын сынап жатыр.

Жастар бірінші кезеңде патриоттық, екінші кезеңде еркін тақырыпта ән салуы тиіс. Ал жүргізушілердің шеберлігі кешті жүргізу бойынша бағаланады. Өнер додасын өткізуге мемлекет қазынасынан 2 миллион теңге жұмсалды.