Жауаптылар: «Шымкенттің жасыл белдеуі биыл шөлдемейді»

459

Шымкентті көріктендіру жұмысымен айналысатын мамандарымыз жасыл аймаққа егілген 2,5 мың гектар алқаптағы тал-дарақтар биыл шөлдемейді деп уәде беріп отыр. Бұған дейін жас ағаштар шайынды су мен екі жерасы ұңғымасынан суғарылған. Өткен жылдың қазан айында қала бюджетінен қомақты қаражат бөлініп, қосымша су көздері қазылды.

007

160 млн теңгеге мердігерлер бүгінгі таңда төрт ұңғыма қазып, сыйымдылығы 600 текше метрлік төрт су қоймасын салып жатыр. Мамандар нысанды мамыр айында пайдалануға тапсырамыз дейді. Алғашқы ұңғымадан су 120 метрден шықса, кейінгі үшеуін қазу оңай болмаған. Тереңдік 200 метрге жеткенде ғана су шығыпты.

008

Ағаш көшеттеріне судың ең қажет мезгілі — шілде. Сол кезде шайынды су да тартылып қалып, қосымша су көзі қажет болады. Бір өкініштісі, қала қарауындағы 1000 гектар алқапта көшеттерді көктемгі күтіп-ұстау жұмыстары басталмаған. Мамандар «Жасыл аймақ» мекемесінің құрылуын күтіп жүрміз дейді. Ол туралы облыс әкімінің қаулысы да шыққан. Бірақ, мекемені басқаратын басшы әлі тағайындалмапты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=W1cJR9cimsY[/youtube]

Алқаптағы 300 мыңнан астам талдың түбін қопсыту жұмыстары өткен жылы наурыз айында басталып, сәуірде аяқталған екен. «ЛТД тұрмыс» мекемесінің 5 техникасы жұмыс жасаған. Нәтижесінде көшеттердің 70-80 пайызы жерсінді дейді.