«Фиркан» тұтынушысы жеңіл көлік мінді

693

«Фиркан» сауда үйі тұтынушыларына тосын сый жасады. Бұл жолы тағы да су жаңа автокөлік ұтыс ойынына тігілген. Жарты жыл бойы осында сауда жасаған тұтынушылар ұтыс ойынының қатысушысы атанды.

Бұл күні «Фиркан сити» сауда үйінің алаңына үш мыңнан аса шымкенттік жиналды. Барлығы бас жүлдеден үмітті. Жүлдеге су жаңа «Лада Гранта» көлігі қойылған. Жыл басынан бері отыз мың теңгеден басап сауда жасаған әрбір тұтынушыға ұтыс ойынының қатысушысын растайтын купон берілген.

Сечкин Пишкин, «Фиркан» супермаркет желісінің директоры: «Біз мұндай шараны жиі ұйымдастырып тұруды жоспарлап отырмыз. Қатысушылардың да қатары қалың. Оған себеп те бар, барлығы су жаңа көліктің иегері атанғысы келеді. Одан бөлек тағы да супермаркет ашылады. Тұтынушыларымызды  жаңа мекенжайда күтеміз».

Леңгір қаласының тұрғыны Сая Саралиева – «Фирканның» тұрақты тұтынушысы, ұтыс ойынының қатысушысы. Супермаркеттен баласы үшін сауда жасайды. Жас ана ұтыс ойынына қатысудың өзі абырой дейді. Осылайша барабанында бағын сынап көрмек.

Сая Саралиева: «Біз баламыз үшін түрлі тағамдар, киім-кешек сатып алғанбыз. Бас жүлдені ұтып алсақ, артық болмас еді. Жас отбасына одан артық не керек?»

Ұйымдастырушылар келушілердің көңілін көтеру үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырған. Айтпақшы, автокөліктен басқа да қымбатты сыйлықтар ұтысқа түсті. Тоңазытқыш, теледидар, қысқа толқынды пеш секілді көптеген тұрмыстық техникалар өз жеңімпаздарына бұйырып жатты.

Ал бас жүлденің иегері болып Бекзат Тұрдынов танылды. Ол өзін жолы болғыштардың қатарына жатқызады. Жуырда үйлену тойларын дүркіретіп атауды жөн санаған жас жұбайлардың бүгінгі қуанышында шек болмады. Су жаңа көліктері той алдындағы серуенде көш бастайтын болады деп уәде етті жас жігіт.

Бекзат Тұрдынов: «Қуанышымда шек жоқ! Ұтыс ойыны әділ өтті. Осы супермаркеттен тойыма деп сусын алғанмын. Сол кезде купон берді. Ал бүгін «Үмітсіз – шайтан» деп келгенбіз. Арманымыз алдамады. Жеңіл көлік ұтып алдық!»

Ұйымдастырушылар мұндай ұтыс ойынын өткізуді дәстүрге айналдырған. Егер оның қатысушысы атанғыңыз келсе, «Фиркан сити»сауда орталығының тұрақты тұтынушысына айналауыңыз керек.