«Леңгір балмұздағы» сыйлықтар таратты

358

Үйілген балмұздақтар мен түрлі сыйлықтар. «Леңгірдің ыстығы» деген атаумен Шымкентте ұтыс ойыны өтті. Ерекше форматтағы мереке Леңгір балмұздақтарына таңдау жасайтын тұтынушыларға арналған. Шара аясында қымбат бағалы сыйлықтар ұтысқа қойылып, көңілді жарыстар ойнатылды.

Балмұздақтың дәмін тату үшін 1000-ға жуық қала тұрғыны жиналды. Дәм татып қана қоймай, бағалы сыйлықтардың бірі маған бұйырып қалады-ау деген үмітпен жүр.

Ұйымдастырушылар мерекеге бей-жай қарамаған. Акцияға тек балмұздаққа құмарлар ғана емес, тіл үйіретін тәттінің бүкіл тарихын білетіндер де жиналған. Оларға арналып интеллектуалды ойындар, жас жеткіншектер арасында би жарыстары ұйымдастырылды. Басты сыйлық – үлкен балмұздақ.

«Леңгір балмұздағы» тек аймақта ғана емес, бүкіл елге әйгілі. Компания өнімдерін еліміздің барлық дүкендерінен сатып алуға болады.

Сыйлықтардың санында шек жоқ. Ойыншықтар, тұрмыстық техника және басты сыйлық Айфон X. Ендеше, дәмі тіл үйіретін сүттен дайындалған тәттілерден сіз де ауыз тиюді ұмытпаңыз.

                                                                                                    Олжас Айдарбек