Көркемсурет мұражайында көрме ашылды. Оған 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында өткен бірінші халықаралық сумпозиум аясында жазылған кескіндемелік шығармалар қойылды. Көрме ерекшелігі — экспозициядағы туындылар бейнелеу өнеріндегі импрессионизм, постимпрессионизм бағыттарында жазылған.
Салқын колорит орындалған этюдтердің өзінде Оңтүстіктің өзіне тән жылулығы сезіледі. Бұл шараға ҚР суретшілер одағының облыстық филиалы ұйытқы болды.
Симпозиумға қатысушылар:
1. Кравцов Евгений, суретші-кескіндемеші (Мәскеу)
2. Курбатов Сергей, суретші-кескіндемеші (Новосібір)
3. Суриков Александр, суретші-кескіндемеші (Краснояр)
4. Шәкенов Амангелді, суретші-кескіндемеші (Омск)
5. Мишулин Вадим, суретші-кескіндемеші (Новосібір)
6. Зарема Евгений, суретші-кескіндемеші (Омск)
7. Баймұханов Геймран, суретші-кескіндемеші (Омск)
8. Матураймов Жырғалы, суретші-кескіндемеші (Бішкек)
9. Қожамқұлов Зұлқайнар, суретші-кескіндемеші (Шымкент)
10. Бекенов Мұхтар, суретші-кескіндемеші (Шымкент)
11. Шілібаев Нұрлан, суретші-кескіндемеші (Шымкент)
12. Бейісбеков Болат, суретші-кескіндемеші (Шымкент)
13. Ахаманов Асқар, суретші-кескіндемеші (Шымкент)
Жанна Төлеева, өнертанушы: «Халықаралық деңгейдегі мәдени қарым қатынас — бұл достықты, ауызбіршілікті арттырады. Осы құндылықтардан айрылған өзге мемлекеттердің жағдайы не болып жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Сондықтан да бұл шараның маңызы өте зор. Ал көрмедегі жұмыстарға келер болсақ, мұндағы бай колорит, табиғат өте тамаша бейнеленген. Бір ғана көріністің әртүрлі суретшінің салуынан бейнелеу өнеріндегі әртүрлі мектептердің ізін аңғаруға болады. Мұндай мәдени қарым қатынас ХХІ аса қажетті деп білемін.»