«Оңтүстік өрістері» симпозиумы өз мәресіне жетті

982

16-мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен көркемсурет галереясының базасында өткен жас суретшілердің «Оңтүстік өрістері» атты облыстық симпозиумы өз мәресіне жетті.

Суретшілер этюд жазу үстінде
Суретшілер этюд жазу үстінде

Сағат 11:00-де симпозиумның барысында көркемсурет өнерінің шеберлері дөңгелек үстел өткізді. Онда алматылық белгілі жас суретші, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, ҚР суретшілер одағының мүшесі Сауытбеков Нұржан симпозиумға байланысты баяндама оқыды. Бұған қоса суретшілер еліміздегі қазіргі заманғы көркемсурет өнерінің мәселелерін талқылап, пікірлесті және өзара тәжірибе алмасты.

IMG_9035

IMG_9023

 

IMG_9038

IMG_9040

IMG_9028

IMG_9031

IMG_9076

IMG_9047

суретшілер кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тоқболат Тоғысбаев атындағы мектепте
Суретшілер кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тоқболат Тоғысбаев атындағы мектепте

Жиырма суретші Оңтүстік Қазақстан облысының көзтартар орындарын бейнелеу барысында 92 шығарма салды. Барлық жұмыстар енді облыстық көркемсурет галереясының қорына тапсырылды.

Сағат 15:00-де қылқылам шеберлеріне облыстық мәдениет басқармасы мен көркемсурет галереясының басшылығы арнайы диплом және 100 000 теңге стипендиясын тапсырды.

Суретшілер көрмесі ашылып, мараттаталуы

Суретшілер симпозиуымына қатысқар суретшілер
Естелік сурет