Шымкенттіктер Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

303
Шымкенттіктер 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті. Бұл жолғы мерекелік шара жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы маңындағы «Түркістан» алаңында өтті.
Мұнда ынтымақ пен бірлікті ту еткен күнгейліктер көптеп жиналды. Барлығы Оңтүстікте мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мерекелік шеруін тамашалады.  Сондай-ақ, «Достық мекені» театрландырылған хореографиялық қойылымын көрді. 
Көшті «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі бастап, славян этномәдени бірлестігі мен басқа ұлт өкілдері қоштады. Мерекелік шеруге тәжіктер мен әзірбайжандар, татарлар мен корея ұлтының өкілдері де атсалысты. Айыр қалпақты қырғыз бен ала шапан өзбек ұлтының өкілдері де белсенділік танытты.

5b4a4eec2ae1591f5cd6c0012bdd8bbb

5e4267d3ef1990ea87ab12810d9b1c4d

Облыс әкімі шараға жиналғандарды және барша оңтүстікқазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып отырған жандарды елеусіз қалдырмады.

Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «Көне тарихтың қай парағын ашсаңыз да халықтың, елдің ұлы армандарының алдында елдің бірлігі, татулығы тұрғанын көреміз. Ал енді осы құндылықтар Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ерекше мән-маңызға ие болып отыр. Оны біз тек қана соңғы жылдары емес, тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап атқарылып отырған саясаттан көріп отырмыз. Міне, бүгінгі Қазақстанның жетіп отырған жетістігі, әлемдегі өзінің алып отырған орны, ішкі, сыртқы саясаты, қай жағынан алып қарасаңыз да елдің татулығы мен бірлігінің арқасында екенін көріп отырмыз».

Биыл отандастарымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өтуде. Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында құрылған болатын. Оның қызметі мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыруға, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға және этносаралық қарым-қатынастар саласында мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара әрекеттестігінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Осы салада елеулі еңбек еткендерге облыс басшысы Асқар Исабекұлы «Қазақстан халқы Ассамблеясына — 20жыл» мерекелік медалін табыстады.
11050176_1387857561541853_6632948277205984101_n

Сондай-ақ, облыстың қоғамдық саяси өміріне белсене қатысқаны, достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін облыстық этномәдени бірлестіктерге ОҚО әкімінің гранты табыс етілді.

16121_1387857494875193_8448127540662794402_n

10394639_1387857584875184_4303213096557763086_n

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

11170318_1387857588208517_5465093332854940874_n

5e4267d3ef1990ea87ab12810d9b1c4d

Сондай-ақ, мерекелік шарада аймақтағы ондаған эснос өкілдері бірігіп. ұлттық мәдениеттерін көрсетіп, көрме ұйымдастырды. Көрмеде ондаған этностың ұлттық мәдениетін көрсететін бұйымдар қойылды. Мәселен, өзбек, орыс, грек, кәріс, тәжік, тағы басқа ұлттың өкілдері ұлттық мәдениетін көрсететін бұйымдарды ұсынды.

7ca9a7045dc15839f8971e2babecee73

f60aea3e65d6375d464ef65016568b1a

d64fb9c328474f261e59f35545f842ba