Тұрысбеков қайырымдылық қоры балаларға қуаныш сыйлады

Бүгін сал аруына шалдыққан балалар үлкен қуанышқа кенелді. Мұндай мүмкіндікті бүлдіршіндерге Тұрысбеков атындағы жеке қайырымдылық қоры мен мен «Ладушки» кондитерлік дүкенінің қызметкерлері сыйлады. 1 маусым — балаларды қорғау күніне орай №18 мектепте білім алатын 40-қа жуық оқушы сыйлықтарға ие болды.

Ойыншық көліктер мен қуыршақтарға ие болған балақайлардың қуанышында шек жоқ. Өйткені олар тек сыйлықтарға ие болып қана қоймай, «Ладушкидің» түрлі тәтті тоқаштарынан да дәм татты. Тәттіге тойып, сыйлық алып, көңілі жайланған оқушылар аулада төбешіктерден сынғанап, уақыттарын қызықты өткізді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ap1ymUGSUj0[/youtube]

Балаларға үнемі қуаныш сыйлап, қоғамның толық мүшесі ретінде қалыптасуы үшін көмегін аямайтын қор жетекшілері алдағы күндері тағы 700-ге жуық бүлдіршінді мерекесімен құттықтауды жоспарлап отыр.