БАҚ қызметкерлері арасында спартакиада басталды

Шымкентте бұқаралық ақпарат құралдары күні қарсаңында өтетін спартакиада басталды. Спорттық сайысқа 13 команда қатысуда. Тілшілер волейбол, футбол, ұзындыққа секіру, жүзу сияқты спорт түрлерінен сынға түседі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4WycSOCGKFo[/youtube]

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=NClAkPHlHzU[/youtube]

Спартакиаданың ашылу салтанатында жас тілшілердің қатысуымен арнайы флешмоб ұйымдастырылды. Халық пен биліктің арасында алтын көпір болып жүрген БАҚ өкілдері осылайша кәсіби мерекесін тойлауды бастап кетті.

Сайыстың алғашқы күнінде БАҚ өкілдері волейболдан сайысқа түсті. Нәтижесінде ойын қорытындысы бойынша Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің командасы бас жүлдені иемденсе, екінші орын – «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы тілшілерінің еншісінде.