Дәрігерлер тілшілерді мерекемен құттықтады

404

28 маусым – баспасөз, теледидар және байланыс қызметкерлері күн. Төл мерекесі қарсаңында өңіріміздің денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар мен ақ халаттылардың жұмысын насихаттап жүрген бір топ журналистер марапатқа ие болды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=UANYJ3PIBH0[/youtube]

Төртінші билік өкілдерін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейтжамал Пәкеев арнайы құттықтап, алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтарын табыс етті. Марапатталушылардың қатарында «Отырар» медиахолдингінің тілшілері Айжан Ермекқызы мен Татяна Бурдель де бар.

007

Жорналшы қауымға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеген өңірдің бас дәрігері алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге, қоғамға шынайы әрі айқан ақпарат таратуға шықырды. Ал журналистер басқарма басшысына көрсеткен ілтипаттары үшін өз алғыстарын жеткізді.