«КСELL» компаниясы балаларды қуантты

359
Жылан атрокционына алғаш рет мінген Милананың бойын қызығушылық пен қорқыныш қатар биледі
Жылан атрокционына алғаш рет мінген Милананың бойын қызығушылық пен қорқыныш қатар биледі

Батутта секіру, сәнді паравоз және атракцион. Ойын-сауық орталығына алғаш рет келген Милана Торминаға мұның бәрі қиял ғажайып ертегі секілді. №4 балалар үйінің тәрбиеленушісіне мұндай демалысты «Кcell» ұялы байланыс компаниясы ұйымдастырып отыр. Демеушілердің тамаша тартуын алған жасөспірім көптен бері армандаған ойын аттракционына да мінді.

Жылан атрокционына алғаш рет мінген Милананың бойын қызығушылық пен қорқыныш қатар биледі

Милана Тормина, №4 балалар үйінің тәрбиеленушісі: «Мен әнші болғым келеді. Өйткені ән айтқанда әншілердің дауысы әдемі болады. Бүгін ағаларға рахмет айтқым келеді.»

КСЕЛЛ компаниясы осылайша демалысқа шыққан балғындардың көңілін көтеріп бақты. «Фиркан» қиял әлеміне келген балалар үйінің 100-ге жуық тәрбиеленушісіне тәттілер таратылып, сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ 3D форматында мультфильмді тамашалады. Өз кезегінде ата-ананың аялы алақанына мұқтаж балақайлар мұндай демалысқа дән ризашылықтарын білдірді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=MqNYbUkTumc[/youtube]

Жанат Жантурин, «КСELL» АҚ Шымкент қалалық филиалының басшысы: «Балалар — біздің болашағымыз. Олар қажеттіні алуға құқылы. Көп нәрсенің де қажеті жоқ қой. Тек көңіл аударылса. Біз акция ұйымдастыруды құп көрдік. Алда оларды көптеген тосын сыйлықтар күтіп тұр.»

Компания қызметкерлерінің айтуынша, мұндай қайырымдылық акциялары тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады. Себебі компания өкілдері әрбір баланың демалыс уақытын қызықты өткізуіне атсалысуды ортақ міндетіміз деп біледі.