Облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

693

Облыстық опера және балет театрында «Мерейлі отбасы-2015» байқауының облыстық жеңімпаздары марапатталды.Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков жеңімпаз отбасыларды марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

006

Елімізде үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шараға облысымыздан 200-ден астам отбасы өтініш білдіріп, оның 30-ы іріктеуден өтті. Бүгінде 6 отбасы жүлделі орынды иемденді.

008

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытындысы бойынша І орынға түркістандық Таңғатаровтар мен шымкенттік Қуатбековтер отбасы лайықты деп танылды. Байқауға қатысушы отбасы мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылықта, ғылымда жетістікке жеткен әулет болуы шарт. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған.

007

 

Адамгершілікті, рухани құндылықтарды нығайтып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізіліп жатқан бұл шара үш кезеңде өтті. Ұлттық байқаудың ұйымдастырушысы облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Б.Құрманғали биыл әр орынға екі отбасыны белгілегендерін айтады. Себебі, лайықтылар өте көп, ал таңдау қиын дейді басқарма басшысы.

Үздік отбасыны анықтау барысында қазылар алқасы отбасының өмір сүру салтына көбірек назар аударды. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының барлық қатысушысы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз І орын иегерлеріне отбасылық шипажайға тегін жолдама берілді. Алдағы уақытта Астана қаласында өтетін республикалық «Мерейлі отбасы» байқауында Оңтүстік өңірінің намысын шымкенттік Қуатбековтер отбасы қорғайтын болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі