Қамқорлықсыз қалған жастар тегін оқиды

325

Оңтүстіктегі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған түлектер мемлекет назарынан тыс қалмайды. Облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов осындай 89 түлекке облыс әкімінің грантын тапсырды.

015

ҰБТ сынағынан қажетті көрсеткішке қол жеткізе алмай, грантқа ілікпеген балалар енді жолдама арқылы облысымыздағы 11 жоғарғы оқу орындарында білімін тегін жалғастыра алады. Оқу жылында өңірде 11 сыныпты 200 жетім бала аяқтаған. Олардың 89-ы облыстағы жоғарғы оқу орындарына, 91-і колледждерде оқуға ниет білдірсе, 20-ы еліміздің басқа өңірлерінде білім алуға ықылас танытып отыр.

018

Жоғарғы оқу орындарында оқуға ниет білдірген 147 түлектің 106-ы ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде 50 балдан жоғары жинаған.

017

Салтанатты шарада балалардың болашаққа деген үмітін өшірмей, қамқорлық танытқан облыстағы 11 жоғары оқу орындарының басшылары облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

016

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов жаңа өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге сәттілік тілеп, мемлекетімізге еңбек ететін білікті маман болып шығатындарына сенім артты.

020

019

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі