«30 жастан асқан судьяның үкімі әділ болады»

741

Шағымданушылардан түскен талап-арызды 30 жастан асқан судья қарап, шешім шығарғанда үкім әділ болады. Мұндай пікірді облыстық мамандандырылған экономикалық соттың төрағасы Бауыржан Диханбаев тілшілермен өткен жиында жеткізді. Сот маманының айтуынша, 25 жастағы судьялардың даулы түйткілдерді заң жүзінде тарқатуы қиындық туғызады. Бұл үшін үлкен тәжірибе қажет.

Экономикалық сот судьяларының жұмысын жеңілдету үшін бүгінде мұндағы 4 бірдей мәжіліс залына дыбыс-бейне жазу қондырғысы орнатылған. Енді тағайындалған іс осы арқылы қайта қаралып, тексеріле алады. Ал құзырлы орынға жыл басынан бері 3 мыңға жуық талап-арыз келіп түсіпті.

Бауыржан Диханбаев, облыстық мамандандырылған экономикалық соттың төрағасы: «Олар көбінесе мемлекеттік сатып алуға байланысты туындайтын даулар. Жер даулары әдеттегідей көп болады. Мәселен, даудың 60-70 пайызы мемлекеттік сатып алу заңынан туындайды. Және банкроттық туралы бар. Оңалту және банкроттық заңнамасынан туындайтын даулар, несие қайтару және даудың басқа да түрлері көп кездеседі».