Түнгі тыныштықты бұзып, полицейлерді балағаттады

413

Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны тәртіп сақшыларына дөрекілік танытып, балағаттаған. Қазіргі таңда бойжеткен ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.

25 шілде күні Еңбекші полиция бөлімінің кезекшісіне қаладағы үйлердің бірінің тұрғындары түнгі тыныштықтары бұзылғаны туралы шағымданады. Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері көрсетілген мекенжайға барып, көп қабатты үйде түнгі тыныштықты кім бұзғанын анықтайды.

2

Шулап жатқан 20 және 21 жастағы екі қыз екен. Олар пәтерді жалға алған.

Полиция қызметкерлерінің құқық бұзушылықты доғару жөнінде жасаған ескертуіне ашуланған 20 жасар бойжеткен инспектордың ар-намысына тиетін сөздер айтып, балағаттаған. Сондықтан тәртіп сақшылары ол қызды Еңбекші полиция бөліміне жеткізді.

1

Бұл жәйт бойынша қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігіне сай (билік өкілін балағаттау) қылмыстық іс қозғалды. Билік өкілін өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау әрекеттері үшін 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы кесіледі. Күдікті азаматша қолхатпен жіберілген. Тергеу жалғасуда.