«TOEFL» халықаралық сертификатын «Мирас» табыстайды

732

Шымкенттіктер енді «TOEFL» халықаралық сертификатына шетел аспай-ақ қол жеткізе алады. Мұндай мүмкіндікті шаһарымыздағы беделді оқу орны «Мирас» университеті сыйлап отыр. Ағылшын тілін меңгерген талапкерлер жаңа оқу жылында Назарбаев университеті мен өзге де магистратура, докторантураға түсу үшін қайта тестілеу тапсырып сабылмайды, тек «TOEFL» тестілеу орталығынан табысталған құжатын көрсетсе болғаны.

"Мирас" университеті
«Мирас» университеті

Енді республика бойынша Алматы, Астана қалаларынан кейінгі, үшінші «IBT TOEFL» тестілеу орталығы Шымкентте бар. Шаһарымызда жалғыз сынақ тапсыратын нысан «Мирас» университетінде орналасқан. Қазір мұнда жерлестерімізді тестілеу жүйесімен жоғарғы оқу орнының тілдерді меңгеру бөліміне жауапты маман Татьяна Летяйкина таныстырып жатыр. Айтуынша, халықаралық «TOEFL» сертификатын иемдену үшін алдымен электронды жүйеге тіркелу қажет.

Татьяна Летяйкина
Татьяна Летяйкина

Татьяна Летяйкина , «Мирас» университеті тілдер білімі монитиоринг ісінің маманы: «Тест тапсыру үшін алдымен ресми түрде тіркеліп, одан соң сауалдарға жауап беру кезеңі басталады. Төрт сағаттық сынақ оқу, тыңдау, сөйлеу, жазу сынды 4 бөлімнен тұрады. Бөлімдердің әрқайсысы талапкердің ағылшын тілінің қаншалықты меңгергенін, оның қабілеттерін бағалайды».

«IBT TOEFL» тестілеу орталығы «Мирас » университетінде осыдан 1 жыл бұрын қызметін бастаған. Бүгінге дейін 80 адам арнайы сертификатты алып үлгерген. Ал қазір мұнда тестілеуге дайындық-жаттығулар, кеңесу бөлмелері немесе сынама емтихан сынды қызмет түрлері бар. Яғни, сынақтан сүрінбес үшін алдын ала даярлаудан өтуге мүмкіндік аласыз.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=k3QvnH-Mjjw[/youtube]

Татьяна Летяйкина, «Мирас» университеті тілдер білімі монитиорингісінің маманы: » Тест тапсырғандардың білімін, ағылшын тіліндегі сауатын Принстонский университетінің бақылау бөлімі бағалайды. Біз тек ұйымдастыру алқасы ретінде қызмет етеміз. Егер тестті тапсырып шықсаңыз, жаңа оқу жылында Назарбаев университеті мен өзге де магистратура, доктокурантураға түсу үшін ағылшын тілінен қайта тест тапсырып сабылмайсыз, тек «TOEFL» тестілеу орталығының табыстаған құжатын ұсынасыз.»

«IBT TOEFL»  сертификаты 2 жылға дейін жарамды. Ал құжатты иемдену үшін қаламыздағы Ғ.Іляев көшесі, №3 үйге ат басын бұрсаңыз болғаны. Келесі тест 22 тамыз күні өтеді деп жоспарланып отыр.