«Мирас» университеті студенттерді шақырады

«Мирас» университетіне студенттер мен оқушылар бұл күні әдеттегіден көп жиналды. Мыңдаған жас бұл күні сабаққа емес, мамандық таудауға келген. «Мирас» университеті мен колледж ұжымы ашық есік күнін ұйымдастырды.

Жастардың бірі – Альбина Исахова биыл мектепті аяқтайды. Әлі мамандық таңдап үлгермеген. Бүгін ашық есік күнінде қоғамға қажетті, сұранысқа сай мамандықтар туралы білуге келіпті. Өмірлік жолымды айқындап, болашыма тікелей қатысы бар қадамды жасарда шалыс кетпесем екен дейді.

Білім ошағында бүгінде кеден ісі, педагогикалық сала мен ақпараттық жүйелер, қаржы және экономика, дизайн ісі, кәсіптік оқыту мен бастауыш сынып мұғалімдері сынды бірнеше мамандар дайындалады. Ашық есік күнінде ұстаздар қауымы да әр мамандық туралы келушілерге түсініктеме беріп, жеңілдіктер туралы түсіндіріп берді.


Мамандық таңдап, белгілі бір саланың тізгінін ұстау – жауапты қадам. Әсіресе мектеп бітіргелі отырған түлектер үшін. Осындай жауапты әрі маңызды қадам аттауда көмек көрсетіп отырған университет ұжымының мақсаты да бір – оқу ордасының жетістіктерін насихаттау, мамандық таңдауда жол көрсету.

Сонымен қатар шараға қатысушылардың арасында ұтыс ойындары ойнатылды. Арнайы таратылған парақшаларды қолына ұстаған оқушылар өздері туралы мәліметті толтырып, ұтыс ойындарына қатысты. Бұл ұтыс ойынының ұтыстары да – қомақты. Ал жеңімпаздар түрлі бағалы сыйлықтарға ие болумен қатар басты сыйлық Мирас университетіне тегін түсуге мүмкіндік алады.

Ал оқушыларға жасалған тосын сый – жастардың ең сүйікті әншісі Әли Оқаповпен кездесу болды. Мұндай мүмкіндікке «Инстаграм» желісі бойынша ойнатылған байқаудың жеңімпаздары ғана ие болады.

Жас әнші тыңдармандардың түрлі сұрақтарына жауап беріп, студенттік кездегі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Соңында жеңімпаз оқушылар Али Окаповпен естелікке суретке түсті.

Ашық есік күні мерекелік шарамен ұласты. Университет қабырғасында шығармашылықпен айналысатын студенттер өнерлерін көрсетіп, түрлі жарыстар өткізді. Айта өтейік, оқу ордасында күндізгі, сырттай және кешкі оқу бөлімдері бар. Егер сіз «Мирасты» таңдасаңыз, Ғ. Ілияев көшесі, №3 үйде орналасқан оқу ғимаратына барып, құжаттарыңызды тапсыра аласыз.