Виктор Кумыков өз қызметінен кетті

225
Виктор Балютович ордабасылықтармен жаттығуына қайта кірісті

«Ордабасы» клубының бас бапкері енді Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы болмайды. Оның құзырында тек Оңтүстіктің командасы ғана.

Ресупбликалық федерацияның жиынында осындай шешім қабылданған.  Бүгінде «Ордабасының» өзінде де жұмыс аз емес. Ел чемпионатының алғашқы алтылығына ілінген шымкенттіктердің алдында тартысты 10 ойын күтіп тұр.

"Ордабасы" ФК президенті Берік Омарбеков: "Кумыковтың жұмысына ризамыз!"
«Ордабасы» ФК президенті Берік Омарбеков: «Кумыковтың жұмысына ризамыз!»

Берік Омарбеков, «Ордабасы» ФК президенті: «Виктор Кумыковтың ұлттық құрамадан кетуі жағымды хабар емес екені анық. Алайда, бұл жаңалық біздің клубтағы жұмысқа ешр кедергісін тигізбейді деп сенемін. Оның үстіне Виктор Балютовичтың бүгінге дейінгі жұмысына ризамыз. Маусым басында команда алдына нақты жоспар қойылған болатын. Ол – ел чемпионатының бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша үздік алты команданың арасынан көріну. Бұл мақсатқа жеттік. Енді жүлделі орын үшін талассақ деген ниетіміз бар. Бұл тұста команда құрамын бірнеше ойыншымен күшейте алмағанымыз да қынжылтады. Трансфер кезінде үш ойыншымен келіссөз жүргізген едік. Бірақ, солардың екеуі белгісіз себептерге байланысты алматылық команданың құрамын толықтырды. Сол себепті де жалғыз Эдин Юнузович ғана командаға келді.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3qqZX4xo3zA[/youtube]

Бұл күндері клуб президенті Берік Серікұлының да түн ұйқысы бөлініп жүр. Павлодарлық клубпен өткен ойыннан кейін Александр Гейнрих үш бірдей матчтан шеттетілгені былай тұрсын төрешілердің әділдігіне күмән келтіргені үшін клуб федерацияға бір миллион екі жүз мың теңге айып пұл төлеуі тиіс.

«Евро лигадағы сәтсіз ойыннан кейін бұл жаңалық жығылғанға жұдырық болды» дейді футболшылар да. Дегенмен, команда жаттығуын жалғастыруда.

Виктор Балютович ордабасылықтармен жаттығуына қайта кірісті
Виктор Балютович ордабасылықтармен жаттығуына қайта кірісті

Бір апталық демалыстан кейін бүгінде қайта жиналып, күннің тым ыстық болуына қарамастан жасыл алаңда тер төгуде. Трансферлік кезеңде команда құрамын жалғыз ойыншы ғана толықтыра алды. Ол дегеніміз – команда құрамында өзгеріс жоқ. Жарақат алған ойыншылар да жоқ. Ендігі матч алматылық «Қайратпен» өтеді. Алматылық команда ел чемпионатында көш бастап отырғанын ескерсек, тамыздың 14-іне шымкенттіктер үшін қоржынға үш ұпай салу оңай болмасы анық.