Жол апатынан көлік аударылып кетті

271

003

Таңертең Шымкентте екі көліктің қатты соқтығысуынан біреуі аударылып кетті. Диваев және Мәметова көшелерінің қиылысында Мазда және Хендай көліктері соғысып қалды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=8CwyFCURSI8[/youtube]

 

Құдай сақтағанда көлік жүргізушілері аман қалған. Хендай көлігінің жүргізушісі негізгі жолмен келе жатқан едім дейді. Бойжеткен өзінің соққыдан қатты қорқып қалғанын айтады. Көліктің рулі оң жақтан болғаны да жақсы болды дейді куәлер.

004

Хендай көлігі жасанды бөгет орнатылған жерге жақындағанда тежегішті басқан. Ал қосымша жолмен келе жатқан Мазда жүргізушісі осы көлікке келіп соғады. Жергілікті тұрғындар бұл қиылыста жол апаты жиі болып тұрады дейді.