Қажылық сапарға аттанған жерлестеріміз елге оралды

535

Қажылық сапарға аттанған жерлестеріміз елге оралды. Биыл құлшылық мекеніне жолға шыққандар саны 2000 адамға жетіп жығылыпты. Олардың арасында жасы ең үлкені 80-нен асқан қарт болса, ең кішісінің жасы небәрі 6-да. Алланың алдындағы парызын өтеуге жанұясымен жол жүргендер де болған.

Қажылық

Араға ай салып Әшірбаевтар әулеті қасиетті қаладан оралды. Құлшылық мекеніне отағасымен бірге жұбайы және перзенті, қарындасы мен ағасы аттанған еді. Енді қасиетті сапардан дін-аман келген жанұя Меккедегі Алла алдындағы парызын өтеушілерді көріп, Құдайға деген құлшылығының артқанын жасырмайды.

Ордаман Әшірбаев
Ордаман Әшірбаев

Ордаман Әшірбаев: «Қажылық — адам баласына бұйырған бақыт, парыз! Ондағы адамдардың санын, көптігін көріп, қасиетті жерді көріп, көзіңе жас келе береді. Қағбаны көргендегі әсерімді де сөзбен айтып, жеткізе алмаймын. Енді парызымыз өтелді-ау деген ниетіміз бар Құдай қаласа. Ол жаққа барып, құлшылық еткен адамның тілегі орындалады дейді. Алла Тағаладан еліміздің тыныштығын, халықтың амандығын, берекені тілеп қайттық».

Бүгінде қажылыққа елімізден тікелей әуе рейстері ашылған. Алматы-Жидда-Мәдина-Алматы бағыты бойынша тікелей ұшақ қатынайды.

Қажылыққа аттанғандарды тасымалды ұйымдастыру шаһарамыздағы екі бірдей туристік компаниясына жүктелді. Ал «Қазақстан қажылар қауымдастығы» ұйымының оңтүстіктегі төрағасы Қалилолла Мәджановтың айтуынша, биыл қажылықты атқарушылар үшін жолкіре құны 4000 АҚШ долларын құраған.

Қалиолла Мәджанов
Қалиолла Мәджанов

Қалиолла Мәджанов, Қазақстан қажылары қауымдастығы ОҚОФ төрағасы: «Құдайға шүкір, қажалық парызын өтеуге аттанған ағайынға төрт жұлдызды қонақ үйі, 3 мезгіл ас-ауқат, төсек-орын, бөлмесінде телефон, теледидар — барлық жағдайы жасалған. Тіпті қажыларымыздың автосервисіне дейін дайындалды. Бұл, әсіресе, қарт кісілерімізге үлкен жеңілдік болды».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=al158VXZFk0[/youtube]

Айта өтейік, биыл республика бойынша 4000 азамат қасиетті сапарға аттанды. Оның ішінде жартысы — біздің облыстың тұрғындары. Бүгінде олардың барлығы елге дін-аман оралды.