Қазанның бірінші жексенбісі – Мұғалімдер күні.

573

555555555555555555555555Қазанның бірінші жексенбісі – мұғалімдер күні. Шымкентте ұстаздардың төл мерекесіне арналған арнайы шара ұйымдастырылды. Онда сала белсенділері «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік мектепке дейінгі білім ұйымы» грант иегерлері де осында анықталды. Үздік ұстаздарға облыс және қала әкімі құрмет көрсетті.
Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың сый-құрметке лайық жандарға арнайы әзірлеген концерттік бағдарламасымен басталды. Әрмен қарай сала белсенділері марапатталды. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде еңбегі елеулі ұстаздарға жергілікті билік және «Нұр отан » париятиясының өкілдері «Құрмет грамоталары» мен алғыс хаттарын тапсырды.

Нұржамал Әденқызы төл мерекесінде «Ыбырай Алтынсарин» құрметті марапатымен наградталды. Білім саласында 30 жылдан астам уақыт еңбек еткен ол қазір зейнетте. Алайда, сүйікті мамандығынан әлі күнге қол үзбей келеді.

Айта кетейік, биыл облыстың білім саласына 180 млрд. теңге бағытталып отыр. Үстіміздегі жылы 104 білім нысанының құрылысы басталады. Онымен қоса 54 жаңа білім ошағы бой көтермек. Апатты мектептер мәселесі де кезең-кезеңімен шешіледі дейді салаға жауаптылар.

Алдағы уақытта жергілікті билік өкілдері мұғалімдерге арналған әлеуемттік пакет дайындаудың қамына кіріседі. Онда сала қызметкерлерін баспанамен қамту мәселесі көзделген.