ОҚО қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

439
Кеңесбек Мендебаев

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Б.Атамқұловтың өкімімен Кеңесбек Нүсіпқұлұлы Мендебаев облыстық қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Кеңесбек Мендебаев

Кеңесбек Нүсіпқұлұлы Мендебаев 1955 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист.
Еңбек жолын Алматы облысы «Амангелді» кеңшарында бастаған. Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы мекемелерінде экономист, бас экономист, бас бухгалтер лауазымдарында еңбек еткен. Жамбыл, Талғар аудандарының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің бастығы, ауыл әкімі, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, Алматы облыстық қаржы басқармасының басшысы болған.

2015 жылғы шілдеден бастап Алматы облысы Іле ауданы әкімінің қаржы және экономика салалары бойынша орынбасары болып еңбек етіп келген.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі