Облыстық қаржылық бақылау басқармасына басшы тағайындалды

786
Бақтыбай Тағаев

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясына басшы тағайындалды. Бұл қызметті енді Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің бұйрығымен Бақтыбай Кенжеұлы Тағаев атқарады.

Бахтыбай Тағаев

Бақтыбай Тағаев 1965 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша заңгер, экономист-менеджер. Еңбек жолын ОҚО әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бухгалтер-ревизоры болып бастаған. Облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің маманы, жетекші маманы, Мақтаарал ауданы бойынша әлеуметтік жұмыспен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Түркістан қаласы бойынша салық комитетінің бастығы, Сайрам ауданы бойынша салық басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.

2013 жылдың желтоқсанынан бастап ОҚО бойынша салық департаментінің Арыс қаласы бойынша салық басқармасының басшысы болып еңбек етіп келген.