Қазақ хандығының 550 жылдық тойына Хан Кененің қылышын әкелді

1933
Кенесары ханның қылышы, қынабымен
Оңтүстік Қазақстан облысының тіккен киіз үйі
Оңтүстік Қазақстан облысының тіккен киіз үйі

Таразда тойланған Қазақ хандығының 550 жылдығы Оңтүстік халқының атынан үлкен бір құрам барып қайтты. Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан көрші облыстағы  тойға тек қонақ ретінде қатысып қоймай, тойдың түсер салмағына иығын тосып, бір кісідей-ақ жұмылды.

IMG_4960

Оңтүстік елі Қазақ хандығының 550 жылдық тойында үш киіз үй тікті. Оның біреуіне үлкен дастархан жайылды. Арыс ауданының әкімдігі қонақ күтетін киіз үйдің сүйегін құраса, Шардара мен Отырар аудандары ас-суды жеткізіп, тік тұрып, қызмет көрсетті.

IMG_5052
Қонақ күтетін орданың қос қапталына облысымыздағы мұражайлардың жәдігерлері қойылған қос ақбоз үйдің керегесі қаланды. Соның біріне ОҚО тарихи-өлкетану мұражайының таңдаулы жәдігерлері әкелінген. Ең құндысы – Кенесары ханның қайқы қылышы.

Кенесары ханның қылышы, қынабымен
Кенесары ханның қылышы, қынабымен

IMG_5004

IMG_5003
Кенесары ханның қылышы екенін дәлелдейтін құжат

Хан Кененің әз басын елге қайтаруды жырлаған ақындардың тілегі тек аз ғана топтың емес, тұтас қазақ елінің қалауы екеніне Кенесары ханның қылышын көруге келген жұртшылықтың көптігі дәлел болды. Айта өтейік, Хан Кененің қызыл қынапты қылышын 1931 жылы облыстық тарихи-өлкентану мұражайына ханның немересі Әзімхан Кенесарин тапсырған.

IMG_4998
шік, жарғақ шалбар мен белдемше

Баға жетпес тарихи жәдігерлер тізілген киіз үйдегі тағы бір біздің мақтаныш, қазақ халқының ұлттық киімдері:  ішік, жарғақ шалбар мен белдемше. Кестеленген өрнек салынған белдемшенің жасы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басына сәйкес келеді. Ал, ғасыр көрген жарғақ шалбар тұтастай жас құлынның терісінен тігілген.

IMG_4965
Оңтүстік Қазақстан облысының атынан тігілген киіз үйдің іші
IMG_4968
«Қазыналы Оңтүстік» көп томдығы
IMG_4967
«Отырар» кітапханасынан әкелінген кітаптар
IMG_4969
«Шілде» гобелені

Үшінші киіз үйде Батырбек Өтепов атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернатының құнды заттары мен «Отырар» кітапханасының кітаптары қойылды. Мұндағы құнды дүние, Батырбек Өтеповтың өз қолынан шыққан – «Шілде» туындысы. Бұл гобелен 1972 жылы тоқылған. Жібі Монғолиядан әкелінген қой жүнінен иірілген.

фото (с) Жәнібек НҰРЫШ