Түркістандағы қылмысқа қатысты жаңа мәлімет пайда болды

398
Түркістан

Елді дүрліктірген Түркістандағы бүтін бір отбасының өліміне қатысты жаңа ақпарат тарады. Шағын кәсібін дөңгелетіп жүрген азамат құмар ойынынан қомақты қарызға белшеден батқан.

ТүркістанӘйелі мен баласын, бауырын атып өлтіріп, анасын жарақаттады деген күдікті Мухамаджан Исраиловты туыстары болса, кінәсіз деп отыр. Олар қарумен өзінің әйелін, екі бауыры мен 5 жасар қызын атып өлтірді деген ішкі істер мекемесінің мәліметімен келіспейді.

Айтуларынша, жұбайымен 7 жыл отасқан азамат ешқандай оғаш қылығымен көзге түспеген. Қазір істің анық-қанығы тексерілуде.