Түркістан қаласына – 1515 жыл

773
Түркістан қаласы

16 қазан – Түркістан қаласының туған күні. Тарихи шаһар 1515 жылдығын тойлап жатыр. Төрт қақпалы қала бүгін тағы да шығыс беткейіндегі қақпасын салтанатты түрде ашты.

Түркістан қаласы
Түркістан қаласы

Мерекеге тарту ретінде екі балабақша ашылып, бүлдіршіндерді қуантты. Жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту үшін екі шаруа қожалығы жұмысын бастады. Бірі елу азаматты жұмыспен қамтыса, енді бірінде жетпіс адам еңбек етеді. Сондай-ақ, түркістандықтарды қазақ эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт күтіп тұр.

Ғани Рысбеков, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары: «Мерекелік шара Есім хан» алаңында  жалғасын тапты. Оған облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов, Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері мен жергілікті тұрғындар және шаһардың меймандары жиналды. Қаламызға еңбегі сіңген азаматтарға медальдар мен қаланың құрметті азаматы марапттарын тапсыру салтанаты өтуде. Мұнда өнерпаздардың концерттік бағдарлама, театрландырылыған көріністертері де ұсынылып жатыр».