Нұртастағы жер учаскелері мемлекет меншігіне алынуы мүмкін

318
Нұртас тұрғындары

Шымкенттегі «Нұртас» шағынауданының тұрғындары үйлерін көшіруге үзілді-кесілді қарсы. Жалғыз баспаналарынан айрылып қалудан қорқатын халық көмек сұрап, барлық құзырлы орындарға жүгінгендерін айтады. Бірақ, Қаратау аудандық соты баспаналардың бұзылатыны туралы шешім шығарған.

Нұртас тұрғындары

Соттың шешіміне бей-жай қарай алмаған нұртастықтар қала әкімінен көмек сұрай келді. Олардың тілегі — жалғыз баспаналарынан айырмау.

Әкім алдына келген тұрғындарды қабылдап, жабық жиын өткізген. Оған тілшілер қатыстырылмады. Көңілі күпті халық мұнымен тоқтамады. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына барып, халық қалаулыларынан көмек сұрады.

Нұртас тұрғындары

Өзекті мәселені халық қалаулылары жалғыз шеше алмасы айдан анық, Сондықтан шұғыл жиын өткізіліп, оған құқық қорғау органдарының өкілдерін шақыртты. Прокуратура өкілдері де келді. Олардың мәлімдеуінше, шағымданушылардың жер телімдеріне арнайы рұқсаты жоқ екен.

Мұндай жауап нұртастықтарды қанағаттандырмады. Өйткені олар жалғыз баспаналарынан айрылғысы жоқ.

Жер учаскелері мемлекет мұқтаждығына алынатыны жайлы алдын ала түсніндіру жұмыстары жүргізілсе, мұндай дау болмас па еді дейді облыс мәслихатының депутаты Өмірзақ Мелдеханов.

Бұл сұрақтар жауапсыз қалды. Жетекші партия өкілдері қалалықтарды құқықтарын қорғауды жалғастыруға шақырды. Нұртастықтар қайта соттасуға әрекет жасауда. Олар құжаттарын кезекті рет рәсімдеуге кірісіп кетті.

Шынар Оразова