Шымкентте талантты балалар арасында «Балауса жұлдыздар» республикалық байқауы басталды. Екі күнге созылатын шара опера және балет театрында өтіп жатыр. Оған республикамыздың барлық облыстары мен аудан-қалаларынан жалпы саны 260-тан астам бүлдіршін қатысуда.
Өнер додасында балалар ән-жырдан шашу шашып, би түрлері бойынша бақтарын сынайды. Байқауда эстрадалық вокал, хореография және аспапта ойнаудан өз талантын көрсетуі керек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты жас ұрпақты рухани мәдениетке байыту болып табылады.
Байқауға республиканың облыстарынан бөлек, аудан-қалалардан жалпы саны 260-тан астам бала қатысуда. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ильясова мен Жамбыл Нұрлыбай сынды өнер майталмандары қазылық жасайды.
Байқаудың жеңімпаздары 4 қараша күні белгілі болады. Жұлдызы жанған бүлдіршіндер демеушілердің бағалы сыйлықтары мен қомақты қаржысына ие болады. Ұйымдастырушылар талабын шыңдап келген балақайларды құр қол қалдырмаймыз деп отыр.
Гүлжан Байназарова