Шымкенттік полицей әлем чемпионы атанды

730
Пауэлифтинг

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері Айдар Қошқаров Португалияда өткен әлем біріншілігінен чемпион болып оралды.

Пауэлифтинг

4-18 қараша күндері Порту қаласында пауэлифтинг пен зілтасты жатып көтеруден әлем чемионаты өткен болатын. Сол турнирде Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полициясы полкінің инспекторы Айдар Қошқаров жатып көтеруден бірінші орын иеленді.

Пауэлифтинг

Айта кету керек, полиция капитаны Айдар Қошқаров – ауыр атлетикадан халықаралық дәрежеді спорт шебері.

Бұл байрақты бәсекеде әлемнің 40-тан астам елінен 1000 спортшы қатысқан. Бір аптаға созылған сайыста Айдар Қошқаров 350 келі штанганы көтерді.

Пауэлифтинг

Бұған қоса пауэлифтингтегі үш жаттығу нәтижесінде 860 келіні бағындырған Айдар Қошқаров жалпы есепте 2-орынға қол жеткізді.

Пауэлифтинг