Құтқарушылар бұрқасын жайлы ескертеді

229
құтқарушылардың жұмысы1

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары Кентау-Шолаққорған тасжолының жабық екенін ескертеді. Бұл аумақта жылдамдығы секундына 15 метрге жететін бұрқасын тұруда.

Абай болыңыздар! Синоптиктер 24, 25 желтоқсан күндері тәулік бойы бұрқасын болады деп ескертіп отыр.

құтқарушылардың жұмысы1

Облыстың кей өңірлерінде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады. Ал 25 желтоқсанда тау асуларында жылдамдығы секундына 30 метрлі желдің күшеюі мүмкін. Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар.