Шымкентке келсеңіз, электронды табло жол сілтейді

318
Электронды табло
Электронды табло

2016 жылы Шымкент қаласына келген қонақтар мен жерлестеріміз қоғамдық көліктермен діттеген жеріне адаспай жететін болады. Қала әкімдігі шаһардың басты көшелеріне арнайы тақтайша орнатпақ. Құны шамамен 500 мың теңге тұратын тақтайшада автобустардың жүру кестелері мен қаланың картасы болады.

Электронды табло
Электронды табло

Бұл тақтайшаны диспечерлік қызмет көрсету орталығы өз қаражатарына орнатпақ. Еліміздің үлкен қалаларынан алынған жобаның 80 пайызы дайын. Тек шаһардың басты көшесіне бір электронды тақтайша орнату жоспарын жүзеге асырса болғаны.

Электронды табло
Электронды табло

Мемлекет мүлкін талқандап тастайтындарға тақтайша төтеп беруі тиіс. Жоба өзін ақтаса, шаһардың өзге де көшелеріне жолаушыларға қажетті ақпарат беретін экрандар орнатылады.

Ал бұған дейін шымкенттіктер кондукторлардың көмегіне жүгініп келген. Олардың айқайлап, аялдама атын атайтындары біреудің шамына тисе, енді біреуге жол сілтеуші еді.

Ендеше, жаңа жылдан бастап жаңалықтың куәсі боламыз. Тек қыруар қаражатқа жасалған дүниені сақтай білсек болғаны.

Нұрлан Жаңабай