Шымкентте 6 мектеп салынады

317
Мектеп

Шымкентте үш ауысымдық мектептер саны азаятын күн жақын. Биыл облыс орталығында 6 білім ошағын салу басталады деп жоспарлануда.  Бүгінгі таңда 9 мектептің оқушылары үш ауысым бойынша білім алады.

Мектеп2015 жылы 5 жаңа балабақша мен 6 білім нысанының құрылысы басталған. Нақтылай айтсақ, енді Ынтымақ шағынауданындағы жаңа ғимаратта – 900,  Сәуледе – 600 және Қаратөбеде 1200 бала білім алатын болады.

Ал өткен жылы қаламыздағы 4 мектеп апатты деп танылып, оның үшеуі күрделі жөнделген.

Сонымен қатар №34 мектептің жөндеу жұмыстары да 2016 жылы толықтай аяқталады. Ал №59, 82 және 83 білім ошақтарының жапсырма жұмыстары да биыл басталады деп жоспарлануда.