Дәрігерлердің айтуынша, облыс тұрғындары арасында асқазан, ұйқы безі, ішек, бауыр сырқатына шалдыққандар көп. Мәселен, бір күннің ішінде облыстық клиникалық ауруханаға асқазан ауруы мазалаған 50-ге жуық науқас келіп, дәрігердің қабылдауында болады.
Оның себебін ақ халаттылар адамдардың өз денсаулығына немқұрайлы қарауы, дұрыс тамақтанбау, жүйкеге түскен ауыр салмақтың салдарынан дейді. Әсіресе соңғы кездері созылмалы В және С вирусты гепатитін жұқтырып алғандар тіркеуге көп алынған.