Дауылды ескерту

336
дауылды ескерту
Фото: //vsluh.ru

Еліміздің бірқатар аумағында дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, 9-10 ақпанда Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын болып, соңы қарға айналады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

дауылды ескерту
Фото: //vsluh.ru

Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, ауаның температурасы — 2 градусқа төмендеп, аяз болады. Кей жерлерде 8 градус аязға төмендеуі күтіледі.

10 ақпанда Алматы облысында жауын-шашын күтіледі. 10-11 ақпанда таулы аудандарда қатты жауады. Төтенше жағдай қызметкерлері елде бірнеше бағыттық жолдың жабық екенін хабарлады. Ауа райының нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар Чарск-Бақыршық және Воскресеновка-Петропавловка жолында қатынас тоқтатылған. Сондай-ақ, Алматы-Өскемен тасжолында тіркеме және жартылай тіркемемен өтетін ауыр жүк көліктеріне қозғалыс жабық.