Орта Азияда теңдесі жоқ шұлық кәсіпорны – Шымкентте

305
Шұлық кәсіпорны

Орта Азияда теңдесі жоқ шұлық тігетін кәсіпорын Шымкентте орналасқан. Мұнда күніне 10 000 дана тауар шығарылады. Цехтан дайындалған өнім бүкіл Қазастанды қамтиды. Сондай-ақ отандық тауар шетел нарығында да сұранысқа ие.

Шұлық кәсіпорны

«Ладери» кәсіпорнында айына 30 мың дана шұлық шығарылады. Тауардың сапалығын мақсат тұтқан серіктестік басшылығы шикізатты Европадан әкелетінін айтады.

Шұлық кәсіпорны

Кәсіпорында 20-ға жуық маман бар. Олардың қызметі де әрқилы. Тігіншілер арнайы аппараттан жартылай дайын болған шұлықтың кем-кетігін түгендейді. Әсіресе, көлемі мен кескініне аса көңіл аударады.

Өйткені тауар стандартқа сай болуы тиіс. Ал шұлықтарға рең беру – ең ұзақ процес. Оған кемінде 7-8 сағат уақыт кетеді екен. Түрлі-түсті бояуға көмгерілген шұлық кептіріліп, үтіктеледі. Фабрикада тауардың 10 түрі өндіріледі.

Шымкентте шығарылатын бұл шұлыққа шетел нарығында да сұраныс көп. Алайда доллар бағамының құбылуы биылдан бастап тауарды өзге елге тасымалдауға кедергі келтіруде. Кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы 50-60 мың теңгені құрайды. Оңтүстікте шығарылатын өнім болашақта шетелге тасымалданатын болса, серіктестік басшылығы кәсіпорын көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.