Сабина Олимпиада ойындарына барады

377
Сабина Әшірбаева

Оңтүстік Қазақстан облысының қоржыны Олимпиадаға берілген тағы бір жолдамамен толықты. Көркем гимнастикадан Бразилияда өткен жарыста жерлесіміз Сабина Әшірбаева 69,500 бал жинап, бірінші орыннан көрінді.

Сабина Әшірбаева да Әлияның ізін басады деген үміт бар
Сабина Әшірбаева да Әлияның ізін басады деген үміт бар
Жолдама иесі атанған Сабина енді Олимпиадаға дайындығын бастайды
Жолдама иесі атанған Сабина енді Олимпиадаға дайындығын бастайды

Шымкенттік бойжеткен Австрия, Германия, Италия мен Финлияндияның гимнасшыларынан да үздік танылған. Естеріңізге салайық, Азияның абсолюттік чемпионы Алия Юсупованың баспкерлігімен жарыстарға дайындалып жүрген Сабина Азия ойындарында жүлделі болған еді. Бүгінде еліміз бойынша жекелей сынақта Олимпиада жүлдесіне үміткер жалғыз гимнасшы – осы Сабина. Облыс үмітін ақтаған жерлесіміз үшін бұл алғашқы Олимпиада. Енді ол Риода қайта топты жару үшін тыңғылықты дайындыққа көшеді.