Шымкенттік спортшы Бразилияда топ жарды

211
Пермаммад батутта секіруден Олимпиада жүлдегері атануды көздейді

Оңтүстіктің спорт қоржынына Рио Олимпиадасына тағы бір лицензия салынды. Пермаммад Алиев батутта секіруден тиісті нормативті орындап, әлемдік рейтингте үздік спортшылардың қатарынан көрінді.

Пермаммад батутта секіруден Олимпиада жүлдегері атануды көздейді

Жолдама ойнатылған дода Бразилияда өткен болатын. 19 жасар жерлесіміздің бұл алғашқы Олимпиадасы болып саналады.

Пермаммад – Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионатында екі рет жеңіс тұғырына көтерілген. 2012 жылы жастар арасында құрлық біріншілігінде жүлделі болған.