Жасөспірімдерді тонаған бозбалалар сотталды

248
Жеткіншектерді тонаған жас жігіттер сотталды

Шымкентте екі жас жігіт сотты болды. Мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды.

17 және 20 жастағы екі жігіт наурыз айында колледж студентерін тонап кеткен болатын. Оқиға қырғы базар маңында орын алған. Жәбірленушілердің саны төртеу, барлығы кәмелет жасқа толмаған.

Жеткіншектерді тонаған жас жігіттер сотталды

Айыпталушы екеу жасөспірімдерді алдап, адам жоқ жерге апарады. Сол жерде ұрып-соғып, ұялы телефондарын өз еріктерімен беруін талап еткен. Төртеудің бірі қарсылық танытқанымен таяқ жеп қалады.

Сабалған құрдастарын көрген үш жасөспірім ұялы телефондарын беріп, құтылады. Енді осы әлімжеттіктері үшін айыпталған екеу сотты болды.

Серікбай Төлепбергенов, ОҚО кәмелетке толмағандарың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы: «Ғалымжан Ә. Қазақстан Республикасы қылмысты кодексінің 191-бабының 2-бөлігі 1,2,3-тармақтарында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Бір жыл мерзімге бақылау бекіленсін. Амангелді Ө. ылмысты кодексінің 191-бабының 2-бөлігі 1,2,3-тармақтарында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оның мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленсін.»