Өсімдік зиянкестерінен қауіп бар

437
Өсімдік зиянкестерінен қауіп бар

Оңтүстіктің егістік алқаптарына қызанақ күйесі мен шегіртке қауіп төндіріп тұр. Фитосанитар мамандар осылай дабыл қағуда. Оның үстіне картоп құрты да өнімдерге қатерлі дейді мамандар. Қазір қырғызстандық картопты елге өткізуге тыйым салынған. Дегенмен, мамандар аталған зиянкестің өңіріміздегі өнімдерде анықталмағанын айтады. Қазір олар қаладағы сауда сөрелерін қызу тексеруге кірісіп кетті.

Өсімдік зиянкестерінен қауіп бар

Бараттың отбасы жалға алған екі гектар жерде көкөніс өсіреді. Наурыздың ортасында жерсіндірілген дақылдардан қазір мол өнім жинап жатыр. Биыл шаруаларға жеңілдетілген бағамен 2500 теңгеге 50 келілік қаптағы тыңайтқыш сатылған. Ал зиянкестерге қарсы химикаттар үшін диқандар өз қалтасынан қаржы шығарыпты.

Фитосанитралар алаңдаулы. Өйткені картоптағы жұмыр құрт өміршең және мың шақырым алқапқа тез таралады дейді. Есесіне, әзірге өңірде қырғызстандық картоп құрты шықпаған деп отыр.

Мамандардың айтуынша, картоп құртынан басқа біздің өңірде қызанақ күйесі мен шегірткеден қауіп бар. Олармен күрес жүйелі жүргізілмесе, егістікке үлкен залал келуі мүмкін. Сондықтан қазір фитосанитралар ауыл шаруашылығы мамандары және шаруалармен бірігіп, жоспарлы ғылыми негізделген шараларды жүргізуге көшіп жатыр.

Шынар Оразова