Өзен-көлдерді бақылау үшін 45 су бекеті құрылды

744
Өзен-көлдерді бақылау үшін 45 су бекеті құрылды

Облыс аумағында бүгінгі таңда су басу жағдайы бір қалыпты өтуде. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары хабарлайды.

Өзен-көлдерді бақылау үшін 45 су бекеті құрылды

Облыс аумағында орналасқан 41 су қоймасына судың жиналу көлемі  85-90% құрайды. Барлық су қоймасы транзиттік режимге өткізілген.

Ал су басу қаупі бар Жабағылы, Машат, Жігергенсай, Балдыберек, Бадам, Қаржансай, Өгем, Қарашық, Баялдыр, Арыс, Келес, Сайрам-су өзендерінде су деңгейін және ағысын анықтайтын тұрақты 43 және 2 уақытша гидробекет жұмыс жасап жатыр. Ондағы мамандар су көздеріндегі деңгейге күнделікті мониторинг жасауда. Бүгінгі таңда нақты су ағысы орта деңгейден төмен дейді мамандар.