Елбасы тапсырмаларының орындалуы өз деңгейінде

232

Оңтүстік Қазақстан облыстық аймақтық коммуникация қызметінде Қазақстан Республикасының Президенті  Н. Ә. Назарбаевтың Ұлт жоспары бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» реформасының Шымкент қаласындағы орындалу барысы туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова брифинг өткізді.

123

– Қазіргі таңда  Шымкент қаласында Ұлт жоспарын  халыққа насихаттау және түсіндіру мақсатында  Шымкент қаласы әкімдігі жанынан 5 ақпараттық насихаттық топ құрылып, желілік кесте бекітілді. Осыған орай мемлекеттік мекемелерде, сот органдарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, кәсіпорындар мен мәдениет орталықтарында және елді мекендерде 41 кездесулер ұйымдастырылып, 6000 астам адам қамтылды, – деді қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова.

Елбасы тапсырмаларына орай Шымкент қаласында экономика және қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Мәселен, 2015 жылы қаланың 5 жылдық даму бағдарламасы бойынша жоспарлы 41 индикатордың 38-і, яғни 93 пайызға орындалуына қол жеткізілді.

Сондай-ақ, «Салық декларацияларын қабылдау және өндеудің орталықтар желісін құру», «Жанама салықтар тетіктерін жетілдіру» (НДС, акциздер,) бағдарламасын дайындау арқылы бюджет кірісін молайту, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында көлеңкелі экономиканы төмендетуде бірқатар өнімділікке қол жеткізілді.