Шымкенттің еріктілері науқас балаларға қуаныш сыйлады

Шымкенттің еріктілері науқас балаларға қуаныш сыйлады

Шымкенттің ерікті жастары аурухана төсегіне таңылған балалардың көңілін көтеруді қолға алды. Олар түрлі дертке шалдыққан балақайлар жатқан палаталарын безендіріп, түрлі ертегі кейіпкерлерінің суретін салып беруде. Ал бұл бала психолгиясына оң әсер етеді дейді мамандар. Сондықтан еріктілердің бастамасын бірден мақұлдаған.

Шымкенттің еріктілері науқас балаларға қуаныш сыйлады

Студенттер мен оқушылардан құралған еріктілер бірнеше күннен бері балалар ауруханасында. Қызу жұмысқа кіріскен жастар 10-нан аса палатаны безендіріп, аң-құстардың суретін салып, түрлі түске бояп шыққан. Осылайша жастар өздігінен жүріп, тіпті, далаға шыға алмайтын ауар науқастардың аз да болса көңіл-күйін көтергісі келетіндерін айтады.

Шымкенттің еріктілері науқас балаларға қуаныш сыйлады

Бекзат Қалыбек, ерікті: «Бұл балалар ұзақ уақыт ауруханадан шықпайды. Өзгелер секілді секіріп, жүгіріп те ойнамайды. Мен бүгін өзімді солардың орнына қойып көрдім. Расымен де оларға аздап көңіл бөлсек, қуанып қалады. Сондықтан достарымызбен бірге осында бір аптадан бері келіп, бөлмелерді безендіріп жүрміз.»

Қазіргі таңда 50-ден аса балдырған балалар ауруханасында ем алуда. Олар әрдайым өзгелердің қолдауына зәру. Сондықтан түрлі түсті суреттер мен ертегі кейіпкерлері, жан-жануарлар бейнесі балалардың көңілін аулап, жағдайының жақсаруына, дертінен ертерек айығуына әсері мол дейді дәрігерлер. Ал төсекке таңылып, ауруханада айлап жататын науқастардың аналары игілікті іс жасаған жандарға дән риза.