11 жасар Мұхамедәлі Құрақ «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Естеріңізге салайық, жеткіншек сәуір айында Қазығұрт ауданында өзенге ағып кеткен 3 жасар қызды құтқарып, алғашқы көмек көрсеткен.
Осылайша оқушы өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды аман алып қалған. Бүгінгі күннің жас батыры болашақта құтқарушы болуды армандайды. Мұхамедәліге көптен күткен медалін облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Александр Путейко тапсырып, құтқарушылар қатарына қосылуға ұсыныс та жасады.