Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің директоры әрі облыстық мәслихаттың депутаты парамен ұсталды. Бұл туралы жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады.
Күдікті осы мекеменің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы арқылы облыстық білім басқармасының жауапты қызметкеріне 3 млн теңге пара ұсынған. Колледж директоры осылайша өзі басқаратын оқу орнына мемлекеттік білім гранты бойынша қосымша орын алмақ болған. Күдікті қазір Шымкент қаласындағы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.