Бүгін Шымкентке Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов бастаған бір топ делегация келді. Өңір аралық ынтымақтастықты дамыту мақсатын көздеген қонақтар облыс басшысымен және кәсіпкерлермен кездесті.
Тараптар тауар өндірушілер арасында әріптестікті артыру және сауда-саттық орнату жолдарын қарастырды. Кездесу барысында өңір басшылары Оңтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарының өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік-экономикалық салаларында ынытамақтасу туралы меморондумға қол қойды.