Самат Смақов «Ордабасы» клубына ауысты

334
«Шымкентте Самат Смақов жүр» дегенді естіп, алып ұшып «Ордабасы» футбол клубының алаңына бардық

«Шымкентте Самат Смақов жүр» дегенді естіп, алып ұшып «Ордабасы» футбол клубының алаңына бардық

Самат Смақов енді «Ордабасы» клубында өнер көрсетеді. Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны мен шымкенттік клуб арасындағы келісім-шартқа 4 тамыз күні қол қойылды.

Келісімге сәйкес, жартылай қорғаушы клубта биылғы маусым аяқталғанша өнер көрсетеді. Еске салайық, Самат Смақов соңғы уақытқа дейін «Ақтөбе» клубының сапында ойнады. Онда футболшы 13 ойын өткізіп, бес гол соқты.