Құрбандық шалу тәртібі

508
Шымкенттегі құрбандық шалу орындары

Кез келген мал құрбандық шалуға  жарамайды. Әдетте қой, ешкі, сиыр, түйе секілді малдар шалынады. Ең бастысы — дені сау, етті және дене мүшелері түгел болуы керек.

Шымкенттегі құрбандық шалу орындары

Ал құрбан шалудың уақыты айттың бірінші күні намаздан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамда аяқталады. Сондай-ақ сойылған малдың етін дұрыс амалдармен таратқан абзал.

Әдетте Құрбан айты мерекесінде малдың бағасы қымбаттай түседі. Қазір орта есеппен алғанда ұсақ малдың бағасы 30 мың теңгеден басталып, 50 мың теңгеге дейін барады. Сондай-ақ сатушылар төрт түліктің етін сойып беруге де әзір.

Бірақ, дайын өнімнің бағасы 1 келіден есептегенде 1000 теңгеден түседі. Ал имамдар құрбандыққа шалынатын малдарды арнайы орындарда сойған дұрыс деп отыр. Сондай-ақ төрт түліктің дені сау екеніне толық көз жеткізуге кеңес береді.