Электр энергиясын тасымалдау құны қымбаттауы мүмкін

379
Электр энергиясын тасымалдау құны қымбаттауы мүмкін

Шымкентте электр энергиясын тасымалдау құны қымбаттауы мүмкін. Жеткізіп беруші компаниялар табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне осындай ұсыныспен шығып отыр. Егер қолдау тапса, тариф 1 теңге 13 тиыннан 2 теңге 10 тиынға артуы мүмкін.

Электр энергиясын тасымалдау құны қымбаттауы мүмкін

Тартысқа ұласқан қоғамдық тыңдауда халық қалаулылары табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық филиал өкілдеріне сауалды төтесінен қойды. Жыл сайын модернизациядан көз ашпайтын коммуналды сала тарифті төмендетудің орнына, керісінше, жыл сайын қымбаттады. Ендеше жаңату жұмыстарына үнемі жүргізілсе, неге басы артық шығын азаймайды?

Электр энергиясының құны қымбатаған сайын сапасы артудың орнына төмендеп келеді. Жарықтың жиі сөніп қалуы бизнес өкілдеріне тиімсіз. Электр қуатының тарифі артқан сайын кәсіпкерлердің шығыны да еселене түседі. Сондықтан бұл жаңалық іскерлерге жайсыз тиіп отыр.

Алайда қызмет тасымалдаушы компания өкілдері бұл баға тұтунышыларға салмақ салмайды деп отыр. Айтуларынша бұл баға саясаты электр энергиясын өндірушілер мен тасымалдаушы мекемелерге қатысты.

Жаңа тариф әзірге талқылау үстінде. Егер табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті тарапынан бұл ұсыныс қолдау тапса, электр энгергиясының тасымалдау құны шамамен 90 тиынға өсетін болады.