ОҚО әкімі Астана және Қазақстан митрополитімен кездесті

257
ОҚО әкімі Астана және Қазақстан митрополитімен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облысқа іс-сапармен  келген Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады. Кездесу барысында діни қызмет, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты одан әрі жақсарту мәселелері талқыланды.

ОҚО әкімі Астана және Қазақстан митрополитімен кездесті

Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесу барысында дін саласындағы тұрақтылықты,  ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлін  ерекше атап өтіп, бірде-бір мемлекетте теңдесі жоқ ұлтаралық келісімнің бірегей институты – Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуында Елбасының еңбегі зор екенін жеткізді.

ОҚО әкімі Астана және Қазақстан митрополитімен кездесті

Өз кезегінде өңір басшысы діни бірлестіктердің, оның ішінде орыс православ шіркеуінің бейбітшілік пен келісімді сақтауда, бір-біріне түсінікпен қарауда және өзара іс-қимылдардағы рөлін айта келіп, Оңтүстік Қазақстан облысында діни бірлестіктердің бірлесе қызмет жасаудың дәстүрі қалыптасқанын айтты.

Жансейіт Түймебаев бұл ретте ел Президентінің бастамасымен жүргізіліп жатқан көптеген жұмыстың, әсіресе, Қазақстанда өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерінің оңды нәтижесі екенін жеткізді.

Кездесу барысында орыс шіркеуінің Оңтүстік өңірі атынан Шымкент және Тараз епархиясының архиепископі Елевферий сөз сөйлеп, тұрақтылықты қамтамасыз ету мен конфессияаралық қарым-қатынастарды орнатудағы бірлескен жұмыстарда табыстар тіледі.